Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ

Зерттеуге ыңғайлы жағдай жасаңыз

Зерттеуге ыңғайлы жағдай жасаңыз

Жеке зерттеудің көбірек пайдасын көргіңіз келе ме? Онда төмендегі кеңестерді қолданып көріңіз.

  • Қолайлы жерде зерттеңіз. Мүмкін болса, таза әрі жарық жерде зерттеңіз. Мысалы, үстелде отырып, я болмаса далада ыңғайлы жерде зерттесеңіз болады.

  • Ешкім кедергі болмайтын жерде зерттеңіз. Иса дұға ету үшін “таң атпай орнынан тұрып, оңаша бір жерге барған” (Мар. 1:35). Оңаша жер табу мүмкін болмаса, отбасыңызға не бірге тұратын адамдарға зерттейтін уақытыңызды айтып, сол уақытта кедергі жасамауын сұраңыз.

  • Алаңдамай, бар зейінмен зерттеңіз. Телефон не планшетпен зерттесеңіз, алаңдамау үшін құрылғыңызды дыбыссыз не ұшақ режиміне қойып қойыңыз. “Мынаны істеуім керек еді” деген ой келсе, кейінірек істеу үшін оны бір жерге жазып алыңыз. Ойыңызды жинақтау қиын болып жатса, кішкене үзіліс жасап, жүріп қайтыңыз не керіліп-созылып, бой жазып алыңыз.