ЗЕРТТЕУ ЖОСПАРЫ
Тыңғылықты зерттеп, сергек жүріңіз
Даниял 9:1—19 оқып, тыңғылықты зерттеудің қаншалықты маңызды екенін көріңіз.
Мәнмәтінін талдаңыз. Осының алдында қандай жағдайлар орын алды және олар Даниялға қалай әсер етті? (Дан. 5:29—6:5). Даниялдың орнында болсаңыз, не сезінер едіңіз?
Тереңірек үңіліңіз. Даниял қай “киелі жазбаларды” зерттеген болуы мүмкін? (Дан. 9:2, сілт.; w11 1.1. 22-б., 1-абз.). Неге Даниял өзінің және Исраил халқының күнәларын мойындаған? (Мұс. 3-ж. 26:39—42; Пат. 1-ж. 8:46—50; dp-U 182—184-б.). Даниялдың Құдай Сөзін мұқият, тыңғылықты зерттегені дұғасынан қалай көрінеді? (Дан. 9:11—13).
Тәлім алыңыз. Ойланып көріңіз:
-
Әлемде болып жатқан жағдайларға алаңдамау үшін не істей аламын? (Миха 7:7).
-
Құдай Сөзін Даниял сияқты мұқият, тыңғылықты зерттесем, мұның қандай пайдасын көремін? (w04 1.8. 22-б., 17-абз.).
-
Қандай тақырыптарды зерттегенім маған “сергек болуға” көмектеседі? (Мат. 24:42, 44; w12 15.8. 5-б., 7, 8-абз.).