Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ

Тармақтарды жаттау

Тармақтарды жаттау

Сізге тармақтарды жаттау қиын ба? Біз жұбаныш беретін, жаман ойларды жеңуге көмектесетін, я болмаса өзгелермен бөліскіміз келетін тармақтарды есте сақтап қалғымыз келеді (Зәб. 119:11, 111). Бірақ бұл кейде оңай емес. Сүйікті тармақтарыңызды жаттап алуға көмектесетін бірнеше кеңесті назарыңызға ұсынамыз.

  • JW Library® қосымшасынан ілмек сөз (тег) ашыңыз a. “Сүйікті тармақтарым” деген ілмек сөз ашып, жаттап алғыңыз келетін тармақтарды сонда сақтаңыз.

  • Тармақты көрінетін жерге жазып қойыңыз. Жаттап алғыңыз келетін тармақты қағазға жазып, айнаға не тоңазытқышқа жабыстырып қойыңыз. Я болмаса тармақты суретке түсіріп алып, компьютердің не телефонның экранына қойып қойсаңыз болады.

  • Карточкалар жасаңыз. Карточканың бір бетіне тармақтың қай жерде жазылғанын, ал екінші бетіне сол тармақта не айтылғанын жазып қойыңыз. Кейін карточканы алып, тармақтың қай жерде жазылғанын не онда не айтылғанын тауып, жаттығыңыз.

a Ілмек сөз ашуды білмесеңіз, “Ұйымның жетістіктері. JW Library-ді қолдануға арналған кеңестер” деген видеоны көріңіз.