4 НАУРЫЗ, 2019
ЖАҢАЛАРЫ
Тілдер санының өзгеруі
Вебсайтымыздағы әдебиеттердің қанша тілге аударылғанын есептеу тәртібіне кейбір өзгерістер енгізілді. Енді “Өз тіліңізді таңдаңыз” деген қоршаудағы тілдердің санына қарпімен ғана өзгешеленетін тілдер кірмейді. Мысалы, кирилица қарпіндегі серб тілі мен латын қарпіндегі серб тілі бұдан былай екі емес, бір тіл болып есептелетін болады. Осылайша “Өз тіліңізді таңдаңыз” қоршауында көрсетілген тілдердің саны азайтылды. Дәл осындай өзгерістер “Күзет мұнарасының онлайн кітапханасы” мен JW Library қосымшасында да жасалмақ.