Ехоба куәгерлері ажырасуды құптай ма?
Біз неке мен отбасы мәселесіне келгенде Киелі жазбалардағы көзқарасты ұстанамыз. Құдай әуел баста некені жаратқанда, ол ер мен әйелдің мәңгілік одағы болғанды ниет еткен. Киелі жазбаларда ажырасуға негіз болатын бір ғана себеп жазылған, ол — көзге шөп салушылық (Матай 19:5, 6, 9).
Ехоба куәгерлері шаңырағы ортасына түсіп жатқан отбасыларына көмек көрсете ме?
Иә, мұны бірнеше жолмен көрсетеді:
Басылымдар арқылы. Үзбей шығып отыратын мәліметтер тіпті үміті үзілгендей көрінген некелерді де берік ете алады. Мысалы, “Некеңе адал бол”, “Некедегі сенімді қайта жандандыру үшін не істеуге болады?” деген мақалаларды оқып көріңіз.
Діни жиындар арқылы. Біз қауым кездесулерінде, конгрестерде Киелі кітаптағы некеге қатысты ақыл-кеңестерді талқылаймыз.
Ақсақалдар арқылы. Бұл ер кісілер ерлі-зайыптыларға жеке көмек ұсынып, назарларын Құдай Сөзіндегі Ефестіктерге 5:22—25 сияқты ақыл-кеңестерге аударады.
Ехоба куәгерлерінің ажырасу-ажыраспауын ақсақалдар шеше ме?
Жоқ. Некедегі қиындықтарды шешіп беруге көмек сұраса да, ақсақалдар ерлі-зайыптыға не істеу керектігін айтуға құзыры жоқ (Ғалаттықтарға 6:5). Алайда әлдебіреу Киелі кітапта айтылмаған себеппен ажырасуды шешсе, Киелі жазбалардың көзқарасы бойынша қайта некеге тұра алмайды (Тімөтеге 1-хат 3:1, 5, 12).
Ехоба куәгерлері бөлек тұру туралы не ойлайды?
Киелі жазбаларда жұбайлар тіпті қиын шақта да бірге болуды насихат етеді (Қорынттықтарға 1-хат 7:10—16). Көп қиындықтардың түйіні жалбарына дұға еткенде, Құдай Сөзіндегі ақыл-кеңестерге құлақ асқанда, бір-біріне сүйіспеншілік танытқанда шешілуі әбден мүмкін (Қорынттықтарға 1-хат 13:4—8; Ғалаттықтарға 5:22).
Десе де кейбір Ехоба куәгері төмендегідей келелі себептермен жұбайынан бөлек кетуді шешіп жатады:
Отбасының қамын ойлаудан бас тарту (Тімөтеге 1-хат 5:8);
Күш көрсету (Зәбүр 11:5);
Ғибадат етуге еш мүмкіндік бермеу. Мысалы, жары Ехоба куәгерін Құдайдың заң-талаптарын бұзуға итермелеуі мүмкін. Мұндайда қысымшылық көрген жұбайы “билеуші ретінде бірінші кезекте адамға емес, Құдайға мойынсұнудың” бірден-бір жолы бөлек тұру деп шешуі мүмкін (Елшілердің істері 5:29).