Мазмұнға өту

Жоғары қатар, солдан оңға қарай: Николай Мартынов, Сергей Костеев, Ярослав Калин, Михаил Мойш.

Төменгі қатар, солдан оңға қарай: Игорь Попов, Денис Саражаков, Алексей Солнечный, Андрей Толмачёв, Сергей Васильев

27 ЖЕЛТОҚСАН, 2023 | ЖАҢАРТЫЛДЫ: 6 НАУРЫЗ, 2024
РЕСЕЙ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР. БАУЫРЛАСТАРЫМЫЗ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ | Ұзақ уақыт қамауда және үйқамақта отырғандарына қарамастан олардың жігерлері жасымады

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР. БАУЫРЛАСТАРЫМЫЗ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ | Ұзақ уақыт қамауда және үйқамақта отырғандарына қарамастан олардың жігерлері жасымады

2024 жылдың 5 наурызында Иркутск қаласының Октябрьский аудандық соты Николай Мартынов, Сергей Костеев, Ярослав Калин, Михаил Мойш, Игорь Попов, Денис Саражаков, Алексей Солнечный, Андрей Толмачёв, Сергей Васильев бауырластарды айыпты деп тапты. Николай, Сергей Костеев, Ярослав, Михаил, Алексей және Андрей бауырластардың әрқайсысы жеті жылға бас бостандықтарынан айырылды. Игорь мен Денис бауырластардың әрқайсысы алты жыл төрт айға бас бостандықтарынан айырылды. Сергей Васильев үш жылға бас бостандығынан айырылып, бірден қамауға алынды. Ал басқалары тергеу изоляторына жабылып, қамауда қалатын болады.

Қысқаша мағлұмат

Біздің аяулы бауырластар отбасыларынан уақытша ажырағанмен, Құдайдың сүйіспеншілігінен оларды еш нәрсе айыра алмайтынына сенімдіміз. Өйткені олар Ехобаға адалдықтарын сақтап келеді (Римдіктерге 8:35—39).

Істің барысы

  1. 4 қазан, 2021

    Иркутск облысындағы Ехоба куәгерлерінің үйлеріне тінту жасалды. Николай, Сергей Костеев, Ярослав, Михаил, Алексей, Андрей және Сергей Васильев бауырластардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Олардың жетеуі де қамауға алынды

  2. 5 қазан, 2021

    Ярослав, Михаил және Алексей тергеу изоляторына ауыстырылды

  3. 6 қазан, 2021

    Сергей Костеев, Николай және Андрей тергеу изоляторына ауыстырылды. Сергей Васильев уақытша ұстау изоляторынан босатылып, үй қамауына ауыстырылды

  4. 30 қараша, 2021

    Басқа да куәгерлердің үйлері тінтілді. Денис пен Игорь тұтқынға алынып, 1500 шақырым қашықтықтағы Иркутске әкетілді

  5. 1 желтоқсан, 2021

    Игорь тергеу изоляторына қамалды

  6. 2 желтоқсан, 2021

    Денис тергеу изоляторына қамалды

  7. 29 желтоқсан, 2022

    Сот ісі басталды

a Николай Мартынов, Ярослав Калин, Михаил Мойш, Игорь Попов, Денис Саражаков және Алексей Солнечный бауырластар тергеу изоляторында болғандықтан, олардан сұхбат алу мүмкін болмады.