28 ҚАРАША, 2024
РЕСЕЙ
“Ол маған қажеттіні береді”
2024 жылдың 19 қарашасында Алтай аумағының Индустриальный аудандық соты Виталий Мануйлов бауырласты айыпты деп тауып, оған екі жыл мәжбүрлі еңбек ету жазасын тағайындады. Ол түзету мекемесінде тұрып, сол жақта қоғамдық жұмыс істейтін болады.
Қысқаша мағлұмат
Ехобаға сеніп артып, өтініштерімізді дұғада айтсақ, ол бізді тыңдап, жауап береді. Мұны білгеніміз бізге жұбаныш сыйлайды (Жоханның 1-хаты 5:14, 15).