13 АҚПАН, 2024
РЕСЕЙ
Ехобаға қызмет ету құрметін бағалағандар
Краснодар өңірінің Выселковский аудандық соты жақында Евгений Бочко, Владимир Колесников, Алексей Шубников, Виталий Ушаков пен Валерий Вечкаев бауырластарымыздың ісі бойынша шешім шығарады. Прокурор қандай жаза сұрайтыны әлі белгісіз.
Қысқаша мағлұмат
Ехоба осы бауырластарымыз үшін де, оған арқа сүйетін басқалар үшін де қуаныш пен күштің қайнары бола беретініне сенімдіміз (Зәбүр 141:8).
Істің барысы
11 ақпан, 2022
Евгений, Алексей, Виталий мен Валерийге қатысты қылмыстық іс қозғалды
13 ақпан, 2022
Үйлерінде тінту жүргізілді. Евгений, Алексей, Виталийден жауап алынды. Виталий уақытша ұстау изоляторына отырғызылды
15 ақпан, 2022
Виталий тергеу изоляторына жөнелтілді
16 ақпан, 2022
Евгений мен Алексейден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды
18 ақпан, 2022
Валерийден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды
21 ақпан, 2022
Владимирге қатысты қылмыстық іс қозғалды
15 наурыз, 2022
Владимирден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Қылмыстық істер біріктірілді
8 қыркүйек, 2022
Виталий тергеу изоляторынан босатылып, үйқамаққа алынды
10 қазан, 2022
Виталий үйқамақтан босатылды және ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды
31 мамыр, 2023
Қылмыстық сот ісі басталды