МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Қайта тірілетін уақыт келгенше...
Жақындарымыз өмірден өткенде, қайта тірілуге деген үміт бізге жұбаныш береді. Бірақ сонда да күнә мен өлім бәріміздің үстімізден басып, тұмшалап тұрғандай (Иш 25:7, 8). “Бүкіл жаратылыстың ыңырсып, қатты қиналып жатқаны” да содан (Рм 8:22). Қайта тірілетін уақыт келгенше, құлазыған көңілімізді қалай жұбатсақ болады? Осындай ауыр шақта көмек болатын принциптерді біз Құдай Сөзінен таба аламыз.
“ЖАҚЫНЫМЫЗ ӨМІРДЕН ӨТКЕНДЕ” ДЕГЕН ВИДЕОНЫ КӨРГЕН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Даниель және Масахиро мен Иосими қандай ауыр күй кешті?
-
Оларға қандай бес кеңес көмектесті?
-
Жұбаныштың бірден-бір қайнары кім? (Қ2х 1:3, 4).