Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

COVID індеті 6 миллион адамның өмірін жалмады. Бұған қатысты Киелі кітапта не айтылған?

COVID індеті 6 миллион адамның өмірін жалмады. Бұған қатысты Киелі кітапта не айтылған?

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) 2022 жылдың 23 мамырындағы есебіне сай COVID-19 індетінен 6,27 миллион адам көз жұмды. Алайда 2022 жылдың 5 мамырында шыққан жаңалықта ДДҰ өлім құшқан адамдардың саны анағұрлым көп екенін айтты. Оның есептеуінше 2020 және 2021 жылдары “тікелей COVID-19 індетінен не оның салдарынан көз жұмғандардың саны шамамен 14, 9 миллионға жетеді”. Киелі кітапта осындай жанға батарлық жағдайлар жайлы не делінген?

Киелі кітап аса қауіпті пандемиялардың болатынын алдын ала айтқан

 Исаның бұл сөздері қазіргі таңда орындалуда. Көбірек білу үшін “Соңғы күндердің” яки ақырзаманның белгісі қандай?” деген мақаланы оқып көріңіз.

Киелі кітап жұбаныш сыйлайды

 Сүйікті адамдарынан айырылғандардың көбі Киелі кітапта жазылған хабардан жұбаныш тапқан. Көбірек білу үшін “Қайғыны жеңілдету: пайдалы кеңестер” және “Қайғы жамылғандар үшін таптырмас көмек” деген мақалаларды оқып көріңіз.

Киелі кітапта бұл қиындықтардың түбегейлі шешімі жазылған.

  •   “Сенің Патшалығың келсін! Сенің еркің көктегідей жер бетінде де орындалсын!” (Матай 6:10).

 Жуырда “Құдай Патшалығының” арқасында “Ешбір тұрғын: “Мен науқаспын”,— демейтін болады” (Марқа 1:14, 15; Ишая 33:24). “Құдай Патшалығы деген не?” атты видеоны көріп, осы көктегі үкімет жайында және оның не істейтіні жайлы көбірек біліңіз.

 Біз сізді Киелі кітап жайлы көбірек білуге шақырамыз. Осылай өзіңіз де, отбасыңыз да онда жазылған дана кеңестер мен керемет уәделердің игілігін көре аласыз.