53-ӘН
Уағызға дайын болайық
-
1. Таң атты, міне, тағы
Уағызға шығатын күн.
Түнеріп аспан,
Сіркіреп тұр жауын.
Тартып тұрар тәтті ұйқыға
Мұндайда.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Жақсы ойлар мен дайындықтың
Жемісі зор болар.
Дұға етсек, бойда күш-жігер
Тасып тұрар.
Періштелер қолдауға асық
Әр күні уағызда.
Шын ризамыз серік боп ерген
Адал досқа.
-
2. Ден қойсақ осы сөзге,
Табамыз шаттық көзін.
Күш салып жүрген
Ісімізді Құдай
Ұмытпайды, мұны білеміз,
Сенеміз.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Жақсы ойлар мен дайындықтың
Жемісі зор болар.
Дұға етсек, бойда күш-жігер
Тасып тұрар.
Періштелер қолдауға асық
Әр күні уағызда.
Шын ризамыз серік боп ерген
Адал досқа.
(Уағ. 11:4; Мат. 10:5, 7; Лұқа 10:1; Тит. 2:14 қараңыз.)