Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

48-ӘН

Күнде Ехобамен бірге жүрейік

Күнде Ехобамен бірге жүрейік

(Миха 6:8)

  1. 1. Қол ұстасып Әкемізбен,

    Жүреміз біз күніге бірге.

    Шапағатын мейірлене

    Төгеді жолын іздегенге!

    Бізді жетелеп жүрудің

    Құдай қамын жасаған.

    Оның жағына шыққандар

    Жүреді әрдайым аман.

  2. 2. Сот күні де келіп қалды,

    Бұл заманның ақыры таяп.

    Үдетті жау қарсылығын,

    Тұрмайды ол ешкімді аяп.

    Ехоба — біз үшін Қорған,

    Оған жақын жүреміз.

    Мәңгі қызмет етеміз деп,

    Адалдық сақтап келеміз.

  3. 3. Ол бізге қол ұшын созып,

    Берді Сөзін, рухын киелі.

    Демейді әр кездесуде,

    Дұғамызды тыңдап үнемі.

    Құдайдың жанында жүрсек,

    Тура жолмен жетелер.

    Адалдық сақтап қалуға

    Көмегін әрдайым берер.