158-ӘН
“Еш кешікпейді!”
1. Сан жылдар бойы құлпыртып жерді,
Бәрін шыдаммен сен жаратып едің.
Күтіп жүрсің ғой талмай бүгін де,
Орындалсын деп әуелгі ниетің.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Аңсап жүрміз, Әке, жаңа жерді көркем,
Шыдам берші күтуге.
Шүбәміз жоқ мүлде, таңғы шуақ күндей
Келеді сот күнің де,
Ол “еш кешікпейді!”
2. Күн санап жүрміз көрем деп қашан,
Көз жұмғандардың тұрар кезін аңсап.
Сағынып сен де жүрсең де, Әке,
Шыдап күтесің, шыдам бер бізге де.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Аңсап жүрміз, Әке, жаңа жерді көркем,
Шыдам берші күтуге.
Шүбәміз жоқ мүлде, таңғы шуақ күндей
Келеді сот күнің де,
Ол “еш кешікпейді!”
3. Шыдаммен іздеп жанды ақжүрек,
Сыйлайсың үміт, бар жарасын емдеп.
Уақытты біз де кетірмей текке,
Еңбектенеміз өзіңменен бірге.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Аңсап жүрміз, Әке, жаңа жерді көркем,
Шыдам берші күтуге.
Шүбәміз жоқ мүлде, таңғы шуақ күндей
Келеді сот күнің де,
Ол “еш кешікпейді!”
Шыдауға күш бер, Әке!
(Сондай-ақ Қол. 1:11 қараңыз).