Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ГРУЗИЯ

Өмірімді қатты өзгерткім келді

Давит Самхарадзе

Өмірімді қатты өзгерткім келді
  • ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1967

  • ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕН ӨТКЕН ЖЫЛЫ: 1989

  • ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ: Аралаушы бақылаушы болған. 2013 жылдан бері Киелі кітап мектептерінде оқытушы.

МЕН 1985 жылы 18 жасымда Кеңес армиясына шақырылдым. Әскерде әділетсіздік пен әлімжеттік көргенде: “Мен оларға ұқсағым келмейді, ешқашан олар сияқты болмаймын”,— деп ойладым. Алайда өзім қалағандай болу қолымнан келе бермейтін. Мен өмірімді қатты өзгерткім келді.

Әскери борышымды өтеп болып, мен үйге оралдым. Бірде отырысқа барып, үйге кеш қайттым. Сол түні Құдайға жалбарынып, өзгеруге көмектесуін сұрадым. Келесі күні жұмысқа бара жатып, туыс әпкемнің үйіне кіріп шықпақ болдым. Ол Ехоба куәгері еді. Оның үйінде бірнеше Куәгер жиналыс өткізіп жатыр екен. Олар жылы шырай танытқан соң, мен қалып, тыңдап көрейін дедім.

Содан мен Киелі кітап зерттеуге келісіп, алты айдан кейін шомылдыру рәсімінен өттім. Ехоба маған өзімнің қолымнан келмеген өзгерістер жасап, жақсы адам болуыма көмектесті.