Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ИНДОНЕЗИЯ

Біз сенімнен тайған емеспіз

Дэниел Лаколо

Біз сенімнен тайған емеспіз
  • ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1965

  • ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕН ӨТКЕН ЖЫЛЫ: 1986

  • ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ: Қуғын-сүргін кезінде сенімінен таймаған арнайы ізашар.

ФЛОРЕС аралындағы Маумере қаласында 1989 жылдың 14 сәуірінде қауым кездесуін өткізіп жатқанымда, үйге билік өкілдері баса-көктеп кіріп келді де, мені және тағы үш бауырласты қамауға алды.

Түрмеде күзетшілер бізді туға тағзым еткізгісі келді. Біз бас тартқанда, олар бізді ұрып-соғып, тепкіледі, сосын бес күн бойы шыжыған күннің астына тұрғызып қойды. Ал түнде өте тар түрме камерасында тастай суық бетонның үстінде қалшылдап жататынбыз, жарақаттарымыз сыздап ауыратын. Үстімізді бес елі кір басып, әбден қалжырап кеттік. Түрме бақылаушысы бізді сенімнен тайдыруға қанша тырысып бақса да: “Өліп кетсек те, туға тағзым етпейміз”,— дейтінбіз. Бізден бұрын өмір сүрген сансыз көп мәсіхшілер сияқты біз де “әділдік үшін қасірет шеккенімізді” мәртебе санадық (Пет. 1-х. 3:14).