Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

28-САБАҚ

Ехоба мен Иса Мәсіхтің жасаған жақсылығына алғыс білдірейік

Ехоба мен Иса Мәсіхтің жасаған жақсылығына алғыс білдірейік

Досыңыз сізге бір әдемі сыйлық жасаса, қандай сезімге бөленесіз? Сіз риза болып, оған алғысыңызды білдіргіңіз келетін шығар. Ехоба мен Иса бізге ештеңеге тең келмейтін сый берді. Ол қандай сый және оған ризашылығымызды қалай білдіре аламыз?

1. Құдай мен Исаның біз үшін жасаған жақсылығына алғыс білдірудің бір жолы қандай?

Киелі кітапта Исаға “сенген әркім” мәңгі өмір сүреді деген уәде бар (Жохан 3:16). Біз оған сенетінімізді қалай көрсете аламыз? Мұны қабылдайтын шешімдерімізбен, іс-әрекетімізбен көрсетуіміз қажет (Жақып 2:17). Исаға сенетініміз ісімізден де, сөзімізден де көрініп тұрса, онымен және Әкесі Ехобамен достығымыз қатаяды (Жохан 14:21 оқыңыз).

2. Қандай ерекше оқиғаға қатысуымызбен Ехоба мен Исаға алғысымызды білдіре аламыз?

Иса өлер алдындағы түні ізбасарларына оның құрбандығына ризашылық білдірудің тағы бір жолын айтты. Иса оларға бір ерекше оқиғаны бірге атап өтуді өсиет етті. Киелі кітапта бұл оқиға “Иеміздің кешкі асы” деп аталады (Қорынттықтарға 1-хат 11:20). Оның “Мәсіхтің өлімін Еске алу кеші” деген де атауы бар. Иса бұл кешті өзінің елшілері, ал кейін шынайы мәсіхшілердің бәрі оның біз үшін өмірін бергенін ұмытпасын деп енгізді. Сондықтан ол: “Мені еске алу үшін осылай істеп тұрыңдар”,— деп тапсырды (Лұқа 22:19). Еске алу кешіне барғанда, сіз Ехоба мен Исаның орасан зор сүйіспеншілігіне алғысыңыз шексіз екенін көрсетесіз.

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Ехоба мен Исаның асқан сүйіспеншілігіне алғыс білдірудің басқа да жолдарын білейік. Сондай-ақ Исаның өлімін Еске алу кешінің қаншалықты маңызды екенін көрейік.

3. Ризашылық — іске бастайтын күш

Сіз суға батып бара жатқанда, біреу құтқарып қалды делік. Адамның сол жақсылығын жай ғана ұмытып кете саласыз ба? Әлде “сол адамға алғысымды қалай білдірсем екен” деп ойланасыз ба?

Біз өміріміз үшін Ехобаға борыштымыз. Жоханның 1-хаты 4:8—10 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Неге Исаның құрбандығы ерекше сый?

  • Ехоба мен Исаның сіз үшін істеген жақсылығы жайлы не ойлайсыз?

Ехоба мен Исаға алғысымызды қалай білдіре аламыз? Қорынттықтарға 2-хат 5:15 пен Жоханның 1-хаты 4:11; 5:3 оқыңыздар. Әр тармақты оқыған соң, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Осы тармаққа сүйенсек, ризашылығымызды қалай көрсете аламыз?

4. Исаға еліктеңіз

Алғысымызды білдірудің тағы бір жолы — Исаға еліктеу. Петірдің 1-хаты 2:21 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Қалай сіз Исаның ізімен жүре аласыз?

5. Мәсіхтің өлімін Еске алу кешіне қатысыңыз

Ең алғашқы рет Иеміздің кешкі асы қалай өткенін білу үшін Лұқа 22:14, 19, 20 оқыңыздар. Кейін мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Иеміздің кешкі асы қалай өтті?

  • Нан мен шарап нені білдіреді? (19, 20-тармақтарды қараңыз).

Иса шәкірттері Еске алу кешін тура ол өлген күні жыл сайын атап өткенін қалады. Сондықтан Ехоба куәгерлері жыл сайын бас қосып, Мәсіхтің өлімін ол қалай өсиет еткен болса, дәл солай еске алып тұрады. Осы жиынның қаншалықты маңызды екенін білу үшін БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер. Сосын мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Еске алу кеші қалай өтеді?

Нан мен шарап рәміздерге жатады. Нан Исаның біз үшін құрбан еткен кемелді адами денесін білдіреді. Ал шарап оның қанын білдіреді

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Құтқарылу үшін ең бастысы бір Аллаға сену керек”.

ТҮЙІНДЕМЕ

Исаның біз үшін жасаған жақсылығына алғысымызды оған сену және оның өлімін Еске алу кешіне қатысу арқылы көрсете аламыз.

Қайталау

  • Исаға сенетінімізді қалай көрсете аламыз?

  • Ехоба мен Исаның сіз үшін жасаған жақсылығына алғысыңызды қалай білдіргіңіз келеді?

  • Мәсіхтің өлімін Еске алу кешіне қатысу неге өте маңызды?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Мәсіхтің өлімі бізді не нәрсеге талпындырады?

“Ол өз денесімен Ехобаны дәріптеді” (9:28)

Мәсіхтің құрбандығы жайлы түсінгенде, бір әйелдің өмірі қалай өзгергенін білу үшін, “Мойнымнан ауыр жүк түсіп, толыққанды өмір сүре бастадым” деген өмірбаянды оқыңыз.

“Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді” (“Күзет мұнарасы”, 1 қазан, 2011)

Еске алу кешінде неге кейбір адамдар ғана рәміздерден дәм тататынын біліңіз.

“Неге Ехоба куәгерлері Иеміздің кешкі асын басқа діндерден өзгеше атап өтеді?” (jw.org сайтындағы мақала)