Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

5-САБАҚ

Біздің қауым кездесулерімізге барсаңыз, не нәрсеге куә боласыз?

Біздің қауым кездесулерімізге барсаңыз, не нәрсеге куә боласыз?

Аргентина

Сьерра-Леоне

Бельгия

Малайзия

Көп адам діни кездесулерден өздерін мазалаған өмірлік сұрақтарына жауап ала алмағандықтан не ешқандай жұбаныш таппағандықтан, оларға баруды қойған. Ал Ехоба куәгерлерінің қауым кездесулеріне не үшін барған дұрыс? Бұл кездесулердің сіз үшін қандай пайдасы бар?

Сүйіспеншілік танытатын адамдардың арасында болу қуаныш әкеледі. Бірінші ғасырдағы мәсіхшілер қауым болып құрылып, Құдайға ғибадат ету, Киелі жазбаларды зерттеу және бір-бірін жігерлендіру үшін кездесулер өткізіп отырған (Еврейлерге 10:24, 25). Сүйіспеншілік лебі есіп тұрған осындай ортада олар нағыз достарының — рухани бауырластарының — арасында екендерін сезінетін (Салоникалықтарға 2-хат 1:3; Жоханның 3-хаты 14). Бүгінде біз де оларды үлгі тұтып, қауым кездесулерін өткіземіз және дәл сондай қуанышқа кенелеміз.

Киелі кітаптағы кеңестерді қолданудың пайдасы көп. Құдайдың ертедегі адал қызметшілері сияқты, біздің күнімізде де ерлер, әйелдер мен балалар бірге жиналып тұрады. Тәжірибелі ұстаздар Киелі кітаптағы кеңестерді күнделікті өмірде қалай қолдану керектігін түсінуге көмектеседі (Мұсаның 5-жазбасы 31:12; Нехемия 8:8). Кездесуге келгендердің барлығы да талқылауға және ән айтуға қатысып, өзгелермен бірге Құдай Сөзіне негізделген үміттерін паш ете алады (Еврейлерге 10:23).

Құдайға деген сенімімізді нығайтудың керемет мүмкіндігі. Елші Пауыл өз заманындағы қауымдардың біріне былай деген: “Сендерді көруге құштармын... бір-біріміздің сенімімізді көріп, өзара жігерленсек екен деймін” (Римдіктерге 1:11, 12). Кездесулерде бір сенімдегі бауырластармен үнемі араласып тұрғанымыз сенімімізді нығайтып, Құдай жолынан таймауға көмектеседі.

Осы аталған жайттардың бәрін өз көзіңізбен көру үшін алдағы қауым кездесуіне барғыңыз келер ме еді? Жергілікті Ехоба куәгерлері сізді құшақ жая қарсы алады. Ол жерде ақша жиналмайды.

  • Ехоба куәгерлері қауым кездесулерін өткізуде кімді үлгі тұтады?

  • Қауым кездесулеріне барудың қандай пайдасы бар?