Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | МЫНА ЗАМАН ҚАЙДА БАРАДЫ?

Мына заман қайда барады?

Мына заман қайда барады?

БИЫЛҒЫ 2017 жыл ғалымдардың сұсты бір хабарынан басталды. Осы жылдың қаңтар айында олар дүниенің ешқашан болмаған үлкен апатқа таяп қалғанын айтып дабыл қақты. Ғалымдар адамзаттың сол апатқа қаншалықты жақын қалғанын көрсететін бейнелі “Ақырзаман сағатының” тілін 30 секундқа алға жылжытты. Содан биыл “Ақырзаман сағаты” түнгі 12-ге, яғни апатқа, небәрі 2,5 минут қалғанын көрсетіп тұр. Адамзат соңғы 60 жылда ғаламдық апатқа мұншалықты жақын болған емес!

Мамандар 2018 жылы да жер бетінің қиямет-қайымға қаншалықты жақын қалғанын есептеп шығаруды жоспарлап отыр. “Ақырзаман сағаты” әлі де аяусыз төніп келе жатқан жойқын апатты айтып дабыл қағар ма екен? Ал сіздің ойыңыз қандай? Мына заман қайда барады? Бұл сұраққа бірден жауап табу оңай емес. Тіпті мамандардың өздері бұл жайында әртүрлі пікірде. Оның үстіне, ғаламдық апаттың болатынына бәрі бірдей сене бермейді.

Дүниежүзі бойынша миллиондаған адам келешектің жарқын болатынына нық сенеді. Олар адамзаттың да, жер шарының да аман қалып, өмірдің жақсаратынына дәлел бар дейді. Бұл дәлел қаншалықты салмақты? Мына дүниенің құрдымға кететіні рас па, әлде үміт бар ма?